Мұнайды заңсыз өндірген компания бас директорының орынбасары сотталды

Ақтөбе облысында шикі мұнай өндіруді заңсыз жүзеге асырған «Сайгак Казахстан Б.В.» компаниясы филиалының Бас директорының орынбасары сотталды. Бұл туралы ҚР ҚМА баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі 2022 жылғы ақпаннан 2023 жылғы мамырға дейінгі кезеңде аталған компанияның филиалы «Сайгак» кен орнындағы келісім-шарт шеңберінде шикі мұнай өндіруді жүзеге асырғанын, бұл ретте келісім-шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанын анықтады.

“Осы жағдайларға қарамастан, олар жыл бойы кен орнында мұнайды заңсыз өндіру мен сақтауды жалғастырған.

Жалпы көлемі 3,5 мың тонна болатын 2 резервуарда құны 139 млн теңгеге өңделген мұнай мемлекет кірісіне тәркіленді.

Кен орнын басқарған компания филиалы Бас директорының орынбасары 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Келтірілген шығын толық көлемде өтелді” – делінген баспасөз хабарламасында.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp