Қ.Кемеңгерұлының әкесі Дүйсебай қажы, анасы Жәмила Қартабайқызы, бауырлары. Омбы, ХХ ғ. басы.
Қошке Кемеңгерұлы. Қызылжар, ХХ ғ. 20-шы жылдарының басы.
Қошке Кемеңгерұлы бірінші жары Зура Мұхамеджанқызымен. Қызылжар, 1923 ж. Зура 1924 жылы наурызда бала үстінде қайтыс болған.
Қошке Кемеңгерұлы туысы Төлеутай Сарсенбаевпен. Ташкент, 1925 ж.
«Ақ жол» газетінің редакциясында. Алдыңғы қатарда отырғандар (солдан оңға қарай): аты-жөні белгісіз, Ә.Қоңыратбайұлы, Ж.Аймауытұлы, И.Тоқтыбайұлы, Қ.Кемеңгерұлы, аты-жөні белгісіз. Ташкент, 1925 ж.
Қошке Кемеңгерұлы Ташкенттегі қазақ зиялылары ортасында. Отырғандар (солдан оңға қарай): Ж.Аймауытұлы, Хәсен Ғали, Ш.Тоқжігітұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Е.Байғасқаұлы. Түрегеп тұрғандар: Ғ.Дәулетбекұлы, Х.Абылайұлы, Сәлкен Балаубайұлы, А.Байтасұлы. Ташкент, 1925 ж. Сурет «Ақ жол» газетінің 1925 ж. 5 мамыр күні санында жарияланған.
Қошке Кемеңгерұлы айдауда. Воронеж облысының Валуйки қаласы, 1932-35 жж.
Қошке Кемеңгерұлы абақтыда. Алматы, 1931 ж.
«Алтын сақина» пьесасының мұқабасы. Орынбор, 1923 ж.
Мемлекеттік ұлт театрының ресми шымылдығы Қ.Кемеңгерұлының «Алтын сақинасымен» ашылғандығы жайында хабарландыру. «Еңбекші қазақ» («Егемен Қазақстан») газеті, 1926 ж.
Қ.Кемеңгерұлының лекциялары негізінде дайындалған шәкірті А.Архангельскийдің «Грамматика казахского языка» атты кітапшаның мұқабасы. Ташкент, 1927 ж.
Қ.Кемеңгерұлының редакциялығымен жарық көрген «Қазақша-орысша тілмаш». Мәскеу, 1925 ж.
Қ.Кемеңгерұлының «Жабропалықтар үшін оқу құралы» еңбегінің мұқабасы. І бөлім – Ташкент, 1928 ж., ІІ бөлім – Қызылорда-Алматы, 1929 ж.
Қ.Кемеңгерұлының П.Лебедевтің Жеті жылдық мектептің 5-ші, 6-шы сыныптарына арналған «Химия» оқулығы. Қызылорда, 1929. Таралымы: 4000 дана.
Қ.Кемеңгерұлының ақталғаны туралы анықтама. Новосибирск, 17.08.1957 ж.
Қ.Кемеңгерұлының балалары: Зайра (1926-2011), Нарманбет (1927-2009), Сәуле (1928-1993). Ташкент, 1930 ж.; Омбы, 1951 ж.
Қ.Кемеңгерұлы қызы Зайрамен. Ташкент, 1928 ж.
Қаламгердің зайыбы Гүлсім Жәмиқызы (1904-1988)
Жазушының қолтаңбасы.
Қ.Кемеңгерұлының отбасымен тұрған үйі (1935-1937). Омбы облысының Шарбақкөл селосы. Қаламгер осы үйден тұтқынға алынған.
Қайырбек Кемеңгер
alash24.kz