Уа, Алаш жұрты!
Ақ таңның кіндігін сүйінші жаңалықпен кесейін.
Qyr balasy қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, қор жанындағы Әлихан Бөкейхан атындағы «Алаш» ҒЗИ-ның ғылыми қызметкері, жас зерттеуші Данияр Ихсан құрастырған «Ғазымбек Бірімжан. Шығармалар жинағы» тұңғыш рет басылып, ойлы оқырман назарына ұсынылды. «Бәрекелді!» деп көрімдік берсеңіз де болады.
Бұл – атаусыз қалған Ғазымбектей ұлтшыл жастың тұлғасын танытудағы игі іс. Бұл – «өшкенім – жанып, өлгенім – тірілді» дейтін-ақ зор қуаныш. Бұл – Алаш ардақтысының аруағына көрсетілген имани құрмет. Бұл – Данияр Ихсандай зерттеуші бауырымның ғылымға деген, Алашқа деген тазалығы мен сүйіспеншілігінің белгісі. Біз бұл ретте «Алаш» партиясының бағдарламалық жобасын жазған авторлардың бірі – Ғазымбек Бірімжанның алғашқы кітабының жарыққа шығуына септігін тигізгені үшін Қостанай облысының Мәдениет басқармасының басшылығына Тәңірі жарылқасын дейміз шын ниеттен. Әсіресе, Ерлан Болатұлы мен Дамир Елтайұлына айрықша ықылас.Қысқасы, достарым менің! Qyr balasy қоғамдық қорының баспасынан «Алаш кітапханасы» деген сериямен жарыққа шыққан алғашқы кітабымыз құтты, қайырлы болсын!
«Алаш кітапханасы» деген серия – тек Алаш тұлғалары мен Алаш қозғалысы туралы жазылған еңбектер топтамасы. «Алаш кітапханасы» сериясы – Алаш ұранды ұрпақтың мотивациялық серпіліс беретін рух кітабы. «Алаш кітапханасы» сериясы – Qyr balasy қоғамдық қорының брендіне айналатын тарихи жауһарлар жиынтығы.Алла Тағала Алашқа адал қызмет ете беруді жазғай!
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨРЛЕУІ
11.11.2024
“ЖАҺАНДЫҚ ЖЫЛЫНУ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫС”
06.11.2024
ПРЕЗИДЕНТ ҚЫРҒЫЗСТАНҒА БАРДЫ
06.11.2024
Светқали Нұржан: Көрісу – ұлық мейрамның бір бөлігі
15.03.2023 8429 0
Ашаршылықтың басты себептері туралы маман пікірі
26.08.2021 7923 0
Тұңғыш қазақ «Әліппесін» шығарған тұлға…
29.06.2021 8166 0
Т.Омарбеков: Алаш арыстары саяси тұрғыда ақталған жоқ
22.06.2021 7813 0
Ашаршылықтың басты себептері туралы маман пікірі
26.08.2021 7923 0
Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарға қаржылай әлеуметтік қолдау көрсетілді
31.05.2021 7981 0
ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВ – ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ
02.03.2024
Еш пікір жоқ
Түрік елінің көне тарихы мен дәстүрін бүгінгі өмір салтымен үндестіре білген қонақүй
19.05.2023
Еш пікір жоқ
Рухани жаңғыру: Тілдің әдеби нормасы өзгере ме?
27.10.2021
Еш пікір жоқ
Кеңес үкіметінің дінге қарсы саясаты және діни тұлғалардың қудалануы
22.09.2021
Еш пікір жоқ