Альпинист Мақсұт Жұмаев пен Анар Бурашева Гималайдың Айленд-Пик шыңына шықты

Эверестке көтерілуді мақсат еткен Kazakh Everest Team спорттық-патриоттық экспедициясы 6 мың метрлік Айленд-Пик шыңына шықты, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитеті.

Қазіргі таңда команда соңғы дайындық кезеңін өткеріп жатыр. Топ жеті адамнан құралған. Ішіндегі жалғыз әйел адам – Анар Бурашева. Информбюроның Анар Бурашевамен эксклюзив сұхбатын осы жерден оқуға болады.

“Жоба аясында біз алты мың метрлік Айленд-Пик шыңына шықтық. Бұл Эвересттің маңында. Денеміз жоғары гипоксия жағдайына үйренісіп, климатқа бейімделу үшін осы қадамға бардық. Қазіргі таңда Эвересттің базалық лагеріндеміз. Түрлі дайындық кезеңдерінен өтіп жатырмыз. Атап айтар болсам, Кумбу мұздығында дайындалудамыз. Климатқа бейімделудің соңғы кезеңінен өту үшін үшінші биіктік лагері құрылғанын күтудеміз. Сол жерде түнеп, кейін демалу үшін төменге түсеміз. Анардың барлық қызға үлгі болғанын қалаймын. Осы сапарымыз арқылы еңбек жолында жүрген барлық спортшылар мен олимпиадашыларды қолдағымыз келеді”, – деді Мақсұт Жұмаев.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp