Судья “Салтанаттың Бишімбаевқа жазған хатына” таңғалды

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін қорғаушы тарап соттан іс материалдарына Салтанат Нүкенова жазды деген мәлімдемені қосуды сұрады.

Сотталушының адвокаттарының бірі Ерлан Ғазымжанов мәлімдемені оқыды. Оның айтуынша, оны Қуандық Бишімбаевқа Салтанат Нүкенова жазған.

“Мен, Салтанат Нүкенова, Қуандықтың сенімін қайтаруға уәде беремін, уәде беремін, сенемін, қызғанбаймын. Психологқа үнемі барып тұруға, өзіммен жұмыс істеуге, сеніміммен жұмыс істеуге уәде беремін. Мен адал, тіл алғыш боламын және Қуандықты құрметтеймін. Отбасы ошағын сақтайтын, қамқор, сүйікті жар боламын. Мен балағат сөздер айтпаймын, ашуланбаймын. Егер бұлай болса, мен түсінік танытып, өзімді қолда ұстаймын, уәде беремін. Мен оның пікіріне сенемін, ол маған жақсылық тілейді дегенге сенемін (…) Сүйікті Қуандықты аялап, құрметтеп, әрқашан қолдау көрсетуге міндеттенемін. Мен Қуандықпен намаз оқимын, сана-сезіммен жұмыс істеймін, рухани жағынан өсемін және Алланың көмегімен үйімді, махаббатымызды сақтаймын”.

Хат мәтіні судья Айжан Кулбаеваны таңғалдырды және ол адвокаттарға сұрақ қойды.

“Әрі қарай жалғастырмас бұрын, бір сұрақ: мұндай міндеттемені әйелі күйеуіне жазған ба? Мұны қалай түсінуге болады? Әйелі күйеуіне осылай жазғанын бірінші рет көріп тұрмын”, – деді Кулбаева.

Судья Кулбаева Бишімбаевтың адвокаттары оқыған мәлімдемені іс материалдарына енгізуге рұқсат бермеді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp