Алматы облысында ауылды су басты

Алматы облысында Жібек жолы ауылын су басты. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, түнде бірнеше көшені су алған. Алматы облысы әкімдігі жер асты суларының көтерілгенін хабарлады.

“Жібек жолы кентінің Қарасу, Ақдала, Ақсу, Ақ Жазық, Көкқайнар, Бөгенбай батыр, Баласаз, Жиделі көшелерінде жерасты суларының жиналу деректері анықталды. Қазір әкімдік қызметкерлері арнайы техника арқылы суару арықтарын қазып, суды сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде төрт шақырымнан аса арық қазылды”, – деп хабарлады облыс әкімдігі.

Әкімдік жағдай бақылауда деп сендірді. Зардап шеккендер жоқ.

Еске салайық, 30 наурызда Алматы облысында Ворошилов су қоймасының бөгеті жарылды. Соның салдарынан Жармұхамет өзенінің төменгі ағысындағы екі көл толып, нәтижесінде 12 мыңнан аса адам тұратын екі елді мекенді су басу қаупі төніп, кейбірі шұғыл эвакуацияланды.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp