Әлемде мектепке бармаған қыздар саны қанша?

2023 жылы дүние жүзінде 122 миллион қыз бала мектепте бармаған, деп хабарлайды 24KZ.

Ал мүлде хат танымайтын ересек адамдардың 60 пайызы, әйелдер. ЮНЕСКО ұйымы осындай жаға ұстатарлық мәлімет бөлісті. Неліктен жағдай бұлай ушығып барады?

Ғылымдағы әйелдердің аздығын Нобель сыйлығын алғандардың санынан да анық байқауға болады. Мәртебелі марапатты ғылым салалары бойынша бұған дейін 710 ғалым иеленсе, оның 25-і ғана – нәзік жандар. Әсіресе Африка елдері ғылымнан алыс. Мамандар көптеген әйелдер күйбең тіршіліктен бас көтере алмайды дейді.

Кот-Д’Ивуар Дауд Моне Дезири, статист:

“Мен бала кезімнен табиғатқа жақын болдым. Апельсинді жегеннен кейін, дәнін алып, жерге егетін едім. Ол бірер күнде өсіп шығатын. Кейін ғылымға қол жеткізіп, ауыл шаруашылығы саласындағы деректерді сараптап отыратын статиске айналдым. Ғылымға икемі бар, талабы зор қыз-келіншектер жетіп-артылады, бірақ мен сияқты жетістікке жеткендері өте аз. Кедергі көп.”

Еуроодақта ғылым мен инженерия саласында 7 миллионға жуық нәзік жан еңбек етеді. Бұл “кәрі құрлық” елдеріндегі жалпы ғылыми қызметкерлердің 41 пайызы. Енді еуропалық әйелдер африкалық әріптестеріне көмектесіп жатыр.

Италия, Рим

Нели Михаилова, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының өкілі:

“Біз Африкада ғылыммен айналысатын әйелдердің қатарын көбейту үшін мақсатты түрде жұмыс істеп жатырмыз. 2023 жылы біз ұсынған жобаларға 24 африкалық елден 48 ғалым қатысты. Олардың 43 пайызы – әйелдер. Осындай жетістігіміз бар. Бірақ бұл өте мардымсыз.”

ЮНЕСКО-ның зерттеуі бойынша әлемде әйел адамдардың ғылымдағы үлесі 30 пайызды құрайды. Ал бұл көрсеткіш Орталық Азияда жоғары – 46 пайыз. Оның ішінде Қазақстандағы қыз-келіншектердің десі басым дейді сарапшылар.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp