ХАМАС Израиль әскерлерін Газадан шығарып, секторды қалпына келтіруді көздейтін үш сатылы деэскалация жоспарын ұсынды. Биньямин Нетаньяху бұл ұсынысты қабыл алған жоқ.
ХАМАС тобы Египет, Катар, АҚШ және Израиль өкілдері қолдаған Париж бастамасына жауап ретінде Газа секторында атысты 135 күнге тоқтатуды, сондай-ақ Израиль түрмелеріндегі 1500 палестиналықтың орнына барлық кепілге алынған адамдарды босатуды және Израиль әскерлерін Газадан толық шығаруды қамтитын жоспар ұсынып отыр.
Аталған шаралар аяқталғаннан кейін ХАМАС қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойып, секторды қалпына келтіруді бастайды деп күтілуде. Соғыс салдарынан үйлерінен кетуге мәжбүр болған жандар соғыстың аяқталуын асыға күтетіндерінде атап өтті.
Ал Биньямин Нетаньяху болса, Израиль ХАМАС-пен «толық жеңіске» дейін соғысады деп мәлімдеді. Ол ХАМАС талаптарына көну «апат» болатынын атап өтті. Еврей мемлекеті басшысының сөзінше, соғыстың аяқталуы жақын болашақтың – жылдардың емес, айлардың мәселесі.