Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Ұлттық музей экспозициясынан алып тасталды

Астанадағы Ұлттық музей экспозициясынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Астанадағы Ұлттық музейге 2018 жылы шілдеде орнатылған.

Президент мүсіні үстінде латын әріптерімен қазақ тілінде мәтін жазылған:

“Менің арманым – Қазақстанның “Мәңгілік Ел” болуы. Заман өтеді, адамдар өтеді. Бірақ Тәуелсіздік қалады. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – елбасы Нұрсұлтан Назарбаев”.

Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, мүсін бірнеше күн бұрын алып тасталған.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp