Қытайлық құрылыс компанияларымен кездесу өтті

Бейжіңде көлік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев қытай құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесті.

​Кездесуге Қазақстан Республикасының Қытайдағы Елшілігінің өкілдері, «Қазақинвест» ҰК АҚ өкілі және Азия даму банкінің өкілі, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастыққа қызығушылық танытқан 60-тан астам ірі компания өкілдері қатысты.

​Көзделген негізгі мақсат – қос елдің құрылыс компаниялары арасындағы ынтымақтастыққа байланысты өзекті мәселелерді талқылау. Негізгі тақырыптардың ішінде инженерлік-техникалық персоналға рұқсат беру құжаттарын ресімдеу, жобаларды қаржыландыру нысанына қатысты мәселелер, салық салу және Қазақстан Республикасының нормативтері, карьерлерді пайдалану және жол битумына қажеттіліктер, сонымен бірге жол-құрылыс материалдарының құны мәселелері болды.

​​​​Осылайша аталған кездесу қос елдің компаниялары арасындағы берік ынтымақтастықты дамытуға өзіндік ықпалын тигізді. ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев Қазақстан мен Қытайдың Көлік және инфрақұрылым саласындағы өзара іс-қимылын нығайтуға ықпал ететін әріптестік қатынастардың табысты дамуына және құрылыс жобаларын қолдауға сенім білдірді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp