Сенатор Бибигүл Жексенбай еліміздегі әйелдердің құқықтарын қорғау туралы айтты

Сенатор Бибигүл Жексенбай «Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы» халықаралық конференциясына қатысты. «Аймақтағы гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл: тиімді және тұрақты шешімдерді бірлесе іздестіру» тақырыбына арналған шара БҰҰ қолдауымен өтті, деп хабарлайды Сенаттың Баспасөз қызметі.

Сенатор өз сөзінде елімізде әйелдер мен балалардың құқықтары және қауіпсіздігін қорғау мәселесіне баса назар аударылып келе жатқанын атап өтті. Бибигүл Жексенбай сондай-ақ еңбектің, қоғамдық және жеке өмірдің түрлі саласында гендерлік кемсітушіліктің барлық нысандары мен көріністерінен қорғауды күшейту жөнінде заңнамалық деңгейде жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Орталық Азия мен АҚШ мемлекеттері басшыларының С5+1 саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның гендерлік теңдікке қол жеткізуде және әйелдер құқығын кеңейтуде елеулі нәтижеге жеткенін атап өткен болатын. Президент гендерлік теңдік пен әйелдер құқығын қорғау мемлекеттің басымдығы болып табылатынын және әрқашан әйелдер құқығын қорғауды қамтамасыз ету мен отбасылық құндылықтарды нығайтуға ерекше назар аударылатынын атап өтті. Сенаторлар тарапынан да осы бағытта жүйелі түрде жұмыс атқарылып келеді», – деп атап өтті сенатор.

Биыл «Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы» халықаралық конференциясының төрағасы Қазақстан екенін еске сала кеткен жөн. Бүгінгі қорытынды конференциядан кейін төрағалық ету Қырғыз Республикасына берілді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp