Тамара Дүйсенова Әлеуметтік және еңбек мәселелері жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысын өткізді

2023 жылғы 25 тамызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Оған орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары, республикалық кәсіподақтар бірлестіктері мен жұмыс берушілердің өкілдері қатысты.

Отырыста еңбек қатынастарын реттеу бойынша жұмыс барысы, оның ішінде жалақы берешегі, еңбек жанжалдары және тағы басқа да мәселелерді шешу бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар қаралды.

Сонымен қатар күн тәртібінде: әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиялардың жұмысы, ең төменгі жалақы мөлшерін айқындау әдістемесін заңнамалық бекіту бойынша жүргізілетін жұмыс, сондай-ақ Халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтастықтың кейбір мәселелері, оның ішінде «Лайықты еңбек» бағдарламасын қайта бастау ісі қаралды.

Қорытындылай келе, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізуді ұйымдастыру бойынша қабылданып жатқан шаралар және жыл сайынғы «Еңбек жолы» республикалық конкурсының өңірлік кезеңін өткізу қорытындылары талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге еңбек алдын алу және шешу, әлеуметтік әріптестік шеңберіндегі өзара іс-қимылға, халықаралық стандарттарға сәйкес ұлттық заңнаманы пысықтауға қатысты жүргізіліп жатқан жұмысты күшейту және тиісінше орындау, ең төменгі жалақыны айқындау әдістемесін заңнамалық тұрғыдан бекіту шараларын қабылдау және «Еңбек күнін» мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде бірқатар тапсырмаларды берді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp