Вьетнам, Ханой қаласы
Мемлекет басшысына музейдің ашылу тарихы таныстырылды, сондай-ақ «Дьенбьенфу түбіндегі ұрыс» атты қысқаметражды деректі фильм көрсетілді. Содан кейін Президент экспонаттар қойылған залдарды аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Ханойдағы әскер тарихы музейі орналасқан Корольдік цитадель ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген.
Отыз залы бар әскери музейде 160 мыңға жуық жәдігер мен құжат сақталған. Олар Вьетнамның құрылу және қарулы күштерінің даму тарихымен байланысты.
Сонымен қатар музейден елдің тәуелсіздігі үшін болған ұрыстарда пайдаланылған соғыс машиналары мен қаруларын көруге болады.