Қазақстанда туризм саласында 83 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатыр

Қазақстанда туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында жұмыс жалғасуда. Қазіргі уақытта 83 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатыр. Олардың барлығында жобалық-сметалық құжаттама бар, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, табиғатты қорғау аумақтарын қамтитын жобалар, атап айтқанда – Имантау-Шалқар курортты аймағында автожолдар салу және реконструкциялау, сондай-ақ Жасыбай көліне дейінгі ұзындығы 15 км кірме жолды орташа жөндеу. Жағажай демалысының танымалдығының артуын ескере отырып, маңызды жобалардың бірі- Абай облысындағы Алакөл көлінің жағалауын нығайту жұмыстары және Балқаш қаласындағы Бертіс шығанағының жағалауын абаттандыру. Тиісті қаржыландыру болған жағдайда, бұл жобаларды іске асыру жақын арада жоспарланып отыр.

«Жүргізіліп жатқан жұмыстар елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және туристік инфрақұрылымды жақсартуға арналған. Елді мекендерден тыс жерлерде және ұлттық парктер аумағында инфрақұрылымды дамытудың түйінді мәселелерін шешу мақсатында әкімдіктерге тиісті құзырет беру бойынша жұмыстар жүргізілуде»,-деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Өткен жылы 28 жоба аяқталды. Олардың ішінде Балқаш курортты аймағында инженерлік коммуникация салу және Ақтау қаласының жылы жағажайына дейін автомобиль жолын салу аса маңызды. Үшарал мен Үржардағы әуежайлардың іске қосылуы айтулы оқиға болды, ол еліміздің  әуе тасымалы мүмкіндіктерін кеңейтті.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp