Қошке Кемеңгерұлы көшесі – Елорданың «Байқоңыр» ауданы, бас қаланың ескі бөлігі «Өндіріс» тұрғын алабында орналасқан. Ақбидай көшесінен басталып, Өзен көшесінде аяқталады. Ақсу-Жабағылы, Ынтымақ, Сарыжайлау, Төлеген Тоқтаров көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2407 метр.
Қошке Кемеңгерұлы – толық аты-жөні Қошмұхамбет Дүйсебайұлы Кемеңгер.