Балқантау көшесі – Елорданың «Алматы» ауданында орналасқан. Мұқан Төлебаев көшесінен бастау алып, Бауыржан Момышұлы даңғылымен аяқталады. Обаған, Мағжан Жұмабаев және Қордай көшелерімен қиылысады.
Ұзындығы – 3792,3 м.
Балқантау – энциклопедиялық мәліметтерге жүгінсек, батыстан шығысқа қарай 20 шақырымға созылып, терістігі мен түстігінің аралығы 15 шақырымды алып жатқан бірнеше тау жотасы.