Әбілхан Қастеев көшесі – Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданы, «Үркер» тұрғын алабында орналасқан. Үмбетей жырау көшесінен басталып, Қазтуған жырау көшесінде аяқталады. Байғозы батыр, Исатай батыр, Малайсары, Смағұл Садуақасов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 885 метр.
Әбілхан Қастеев – халық суретшісі. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған.