Қожаберген жырау көшесі – Елорданың сол жағалауындағы Есіл ауданы, «Үркер» тұрғын алабында орналасқан. Исатай батыр көшесінен басталып, Батыр Баян көшесінде аяқталады. Малайсары, Уәлитхан Танашев, Смағұл Садуақасов, Махамбет көшелерімен қиылысады. Ұзындығы–1757 метр.
Қожаберген Толыбайұлы – атақты батыр, әйгілі суырып салма ақын, жырау.