Құмкент көшесі – Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы, «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын алабында орналасқан. Айнакөл көшесінен басталып, Мұқан Төлебаев көшесінде аяқталады. Қордай және Бесшалқар көшелерімен қиылысады.
Ұзындығы – 1400 метр.
Құмкент – Түркістан облысы, Созақ ауданына қарасты ауыл, 4000-ға жуық тұрғыны бар.