Шалкиіз жырау көшесі – Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданы, «Үркер» тұрғын алабында орналасқан. Уәлитхан Танашев көшесінен басталып, Батыр Баян көшесінде аяқталады. Жантай батыр, Махамбет көшелерімен қиылысады.
Ұзындығы – 1800 метр.
Шалкиіз Тіленшіұлы – ақын, жырау, ортағасырлық қазақ поэзиясының көрнекті өкілі.