Қайым Мұхамедханов көшесі – ел астанасының сол жағалауындағы сегіз қозғалыс жолағы бар кең, көркем көшелердің бірі. Тұран даңғылынан басталып Домалақ ана, Ілияс Омаров, Шыңғыс Айтматов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы 4 215 м.
Қайым Мұхамедханов – ғалым, абайтануды ғылыми негіздеуші, әрі алғашқы текстологы, ақын, жазушы, драматург. Шәкәрімтанудың негізін қалаушы.