Достық көшесі – елордамыздың сол жағалауындағы әсем көшелердің бірі. Тұран даңғылынан басталып, Министірліктер үйінің аркасынан өтіп, президенттік саябаққа барып аяқталады. Қабанбай даңғылын, Мәңгілік ел даңғылын және Сауран, Ақмешіт, Түркістан көшесімен қиылысады.
Ұзындығы – 2299,5 метр.
Достық – қазақы ұғымда адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті.