Ғабиден Мұстафин көшесі – Нұр-Сұлтан қаласының оңтүстік-шығысында, «Алматы» ауданында орналасқан. Абылай хан даңғылынан басталып, Қобыланды батыр көшесінде аяқталады. Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылын және Ырғыз, Сілеті, Хантау, Қозыбасы көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1 230,1 метр.
Ғабиден Мұстафин – Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылары Одағы басқармасының төрағасы болған.