Бөгенбай батыр даңғылы – елордадағы күре жолдардың бірі. Алты жолақты алып көше Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының «ортасы» деп те айтуға болады. Ұзындығы – 3611,7 метр болатын даңғыл қаланың шығысы мен батысын байланыстырып тұрған маңызды магистраль.
Батырдың есімі берілген көше – Сарыарқа, Жеңіс, Республика, Бейбітшілік, Шоқан Уәлиханов атты ірі жалпы айтқанда 14 көшемен қиылысады.