Әлия Молдағұлова – Нұр-Сұлтан қаласының оң жағалауында, «Сарыарқа» ауданында орналасқан. Жеңіс даңғылы және Бейбітшілік, Мұхтар Әуезов көшелерімен қиылысып, Республика даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 2100,5 метр.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова – шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты. Кеңес Одағының Батыры, құралайды көзге атқан мерген.