Әзірбайжан Мәмбетов көшесі Нұр-Сұлтан қаласының оң жағалауында Ғұмар Қараш көшесінен басталып, Абай даңғылында аяқталады. Ағыбай батыр, Амангелді Иманов, Бұқарбай батыр, Кенесары көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 846,3 м.
Әзірбайжан Мәмбетов – Қазақстанның Халық қаһарманы, Қазақстанның халық әртісі, әйгілі режиссер, қоғам қайраткері.